Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Монастир (Тунис) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге алғашқы айналымда хорватиялық Мариана Дражич - латвиялық Дарья Семенистаямен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағатқа созылған матчта 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Хорватиялық-латвиялық дуэт 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.