$ 495.2  522.34  4.94

Камшы Көлбаевпен жақын араласқан 50 кеден қызметкері жұмыстан шығарылды

«Заңдағы ұры» К.Көлбаевтың кімдермен жақын байланыста болғанын анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Камшы Көлбаевпен тығыз байланысқан мемлекеттік кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінінің хабарлауынша, «заңдағы ұры» К.Көлбаевтың кімдермен жақын байланыста болғанын анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Арнайы іс жүргізу барысында Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің ішкі ведомстволық бұйрықтарды бұзған жекелеген лауазымды тұлғалары анықталды.

Мәселен, Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері К.Көлбаев және Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовпен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін қызметінен босатылды.

Еске салсақ, Камшы Көлбаев Бішкекте арнайы операция кезінде қаза тапқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары