$ 494.87  520.65  4.91

Палестина автономиясын жақтаушылар АҚШ Конгресіне басып кірді (ВИДЕО)

Египет пен Израильдің шекарасы жабылды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

АҚШ-тың Палестинаны  жақтайтын азаматтары Конгрестің ғимаратына басып кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Eadaily.com-ның жазуынша, олар Капитолийге кіре салысымен, Израильдің Газа секторын бомбалауды тоқтатуын және оған АҚШ-тың  қолдау көрсетпеуін талап етті.

Артынша акцияны «Jewish voice for peace» ұйымы ұйымдастырғаны анықталды. Полиция наразы топты ұстап, учаскелерге әкете бастаған. 

Палестинаны қолдау акциясы Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың штаб-пәтері алдында да болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, белсенділер халықаралық қауымдастықтан Палестинаны бомбалауды талап етті.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы ахуал жөнінде Ресей ұсынған қарар жобасын қабылдаудан бас тартқан еді. РФ соғыс іс-қимылдарын тоқтатып, палестиндіктерге шұғыл көмек беруге шақырды. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің бұл ұсынысынан бас тартты.

Қазір Газа секторындағы жағдай одан сайын ушығып, Израиль Газа секторын бомбалауды жалғастырып жатыр. Египет пен Израильдің шекарасы жабылды. Бұл жерде гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері бірнеше күннен бері шекарадан өте алмай қаңтарылып тұр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары