$ 492.65  525.71  5.03

Елімізде екі кәсіби мереке пайда болады

Жаңартылған тізім бойынша елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 53-ті құрамақ.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанда тағы екі кәсіби мереке пайда болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Еңбек министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер әзірледі. Бұйрық мәтіні «Ашық НҚА» порталында жариялады.   

Кәсіби мерекелер тізбесі "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан"; "Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі" тармақтарымен толықтырылсын", - делінген бұйрық жобасында.

Құжатқа қоса берілген негіздемеде көрсетілгендей, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы әуежайында елімізде алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған. Бүгінде бұл салада 3 мыңнан астам маман еңбек етеді.

Бұдан бөлек елдің кәсіби мерекелерінің тізімінде бұрғылаушылар күнін атап өту және осындай күрделі кәсіп қызметкерлерін құрметтеудің жаңа дәстүрін енгізу орынды екені туралы да айтылған.

Осылайша жаңартылған тізім бойынша елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 53-ті құрамақ.

Құжатты жария талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары