$ 495.2  522.34  4.94

Астанада қаза тапқан құтқарушы Асқар Забикулинге ескерткіш орнатылды

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Аскардың бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған.
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Елордада ерлікпен қаза тапқан құтқарушы Асқар Забикулинге № 6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әрбір адамның өмірі баға жетпес құнды, мемлекеттің стратегиясы ең алдымен, азаматтарды қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған. Сол себепті құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі аса маңызды болып табылады. Бұл ескерткіш – Асқардың өжеттігінің, жанқиярлығы мен адалдығының белгісі. Бүгін біздің көңіліміз түсіп, қайғырып, сонымен қатар барлығымыз үшін үлгі болатын ерлікке деген шексіз құрметпен пен таңдануға куә болып тұрмыз. Оның жасаған ерлігі азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолындағы күресте біздерге күш пен қуат беретін үлгі болсын.

Асқар Забикулин біздің әріптесіміз ғана емес, сүйікті ұл, жар және әке болды. Оның өмірден өтуі біздің жүрегімізге жазылмас жара салды. Біз оны әрқашан еңбекқор, ақылды және сүйіспеншілікке толы адам ретінде есте сақтаймыз, - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

Ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып тастағаннан кейін, жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп жазады Кazinform.

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Аскардың бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған.

Салтанатты шараға, сондай-ақ елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, А. Забикулиннің туыстары мен жақындары қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары