$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 6 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алу шарты заңсыз жасалған

Қалалық прокуратураның қадағалау актісінен кейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап-арыз жұмыстарын жүргізді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодар облысында жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен таңдау фактілері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық прокуратура мәліметінше, «Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.​

Қалалық прокуратураның қадағалау актісінен кейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап-арыз жұмыстарын жүргізді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 207-бабы (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары