$ 495.2  522.34  4.94

«Құны 35,4 млрд теңге»: Боранбаев мемлекетке мұнай-газ ұңғымаларын да берді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлікті сатудың бірнеше жолы қарастырылған.
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын жалғастырып жатыр, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттіктің мәліметінше, «Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне өткен.

Кен орнының өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев, сондай-ақ, тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны – 14 млрд теңгеге жуық, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Бұдан бөлек, құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны – 740 адам. Бұл нысандардың барлығы мемлекеттің пайдасына өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңдеген асатын қонақүй кешенін, жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісін беріп, бұл аздай, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды. 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлікті сатудың бірнеше жолы қарастырылған. Мүлік мемлекет меншігіне өтеді, содан кейін оны Қаржы министрлігі не сатады немесе сенімгерлік басқаруға береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары