$ 495.2  522.34  4.94

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

Бюро мамандары ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын жариялады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өткен аптада 0,1%, ал жылдық мәнде 5,5% өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Бюро мамандары ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасын жариялады:

  • Күнбағыс майы – 750тг/л;
  • Сүзбе – 2101тг/кг;
  • Қырыққабат – 160тг/кг.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары