$ 495.2  522.34  4.94

Алматы облысында заңсыздыққа барған әкім жазаланды

Істі қарау барысында әкім кінәсін толық мойындады.
Фото: Фото: gov.kz
Фото: Фото: gov.kz

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қарасай ауданы әкімінің заңсыз әрекетін анықтады. Аудан әкімі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аудан әкімі Жасұлан Естенов лауазымды қызметке активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді  Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а. лауазымына тағайындай салған.

Бөлім басшысы – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға. Сондықтан бұл ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген талаптарды бұзу болып саналады (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы).

Аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Істі қарау барысында әкім кінәсін толық мойындады, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Заңсыздыққа жол берген аудан әкіміне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары