$ 439.43  473.31  4.82

Он өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында көктайғақ болып, тұман түседі.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

20 қазан күні Ақтөбе облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болжанып отыр.

Маңғыстау облысының орталығында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Семей, Риддер және Өскемен қалаларында болжанып отырған қолайсыз күн райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары