Ақмола облысындағы кеніштерге алтынды заңсыз іздеуге түскен 4,2 мың адам жауапкершілікке тартылды. Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, алтын кеніштеріне заңсыз кіру салдарына 3 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан.
Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалады.
Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап - 480 адам, 3 реттен артық - 100-ден астам тұлға тартылды. 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз іздеушілер қаза тапты. Мысалы, ағымдағы жылы бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші жарылыс әсерінен қаза тапқан, - делінген прокуратураның хабарламасында.
Сондай-ақ, соңғы 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Бұл ретте, прокурорлар қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік және ҚР ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеді!