$ 442.05  474.14  4.74

ҚМДБ Палестинаны қолдайтындығын мәлімдеді

Сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда.
Фото: ҚМДБ
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестина-Израиль қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚМДБ Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейді.

Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді.

Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз, - делінген ҚМДБ-ның ресми хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары