$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда несие алу сомасына лимит енгізілуі мүмкін

Жыл басынан бері кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша орташа қарыз 913 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін өскен.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда "кредиттің ең жоғары сомасы" енгізілуі мүмкін. Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бастаманы көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Қазақстанда ірі көлемдегі тұтынушылық несиелерді белсенді түрде беру үрдісі жүріп жатыр. 

Тұтынушылық несиелендірудің өсуіне, ең алдымен, халық сұранысының артуы да әсер етеді. Бұл тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сұраныс, тұтынушылық несиелерді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану мүмкіндігі, - деді Әбілқасымова Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, жыл басынан бері кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша орташа қарыз 913 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін өскен. Бұл ретте 5 миллион теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық несиенің үлесі қазірдің өзінде 12 пайызды құраған. 

Тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуін шектеудің қосымша шарасы ретінде агенттік заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттің көлеміне шектеу енгізуді ұсынады, - деді Мәдина Әбілқасымова.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары