21.10.2023, 07:30

Демалыс күндері ауа райы қалай құбылады

Фото: pixabay.com
Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады.

«Қазгидромет» РМК демалыс күндерге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы сенбі-жексенбіде елімізде күн салқындай бастайды.

Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантика циклоны мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырып, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі жылынуға кедергі келтіреді. 

Тек елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. 

Қазақстанның солтүстігінде және орталығында түнде -0-5 үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +2+12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде термометр -3 – + 5 градус көрсетеді.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы күн райы сақталады.