$ 494.87  520.65  4.91

Қаппаров «ҚазАтомпром» басшысы ретінде таныстырылды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты бүгін «Қазатомпром» ҰАК» АҚ ұжымына жаңа басшы ретінде таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қордың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Өмірзақ Шөкеев жаңа басшының кезінде еліміздің энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болғанын ескере отырып энергетика саласындағы жұмыс тәжірибесінің мол екенін атап өтті.

— Кеше Үкімет отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма төрағалығына Қаппаров Нұрлан Жамбылұлын ұсынған еді. Оның кандидатурасы компанияның директорлар кеңесімен келісіліп те қойды. Алдағы уақытта «Қазатомпром» жұмысын жандандыра түсіп, компанияның өсім қарқынын арттырады деп сенемін, — деді қор басшысы.

Председатель правления АО «Самрук-Казына» обратил внимание собравшихся, что Владимир Школьник направлен на новый участок, где нужны его талант стратега и управленца, а также умение создавать хороший рабочий коллектив.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы бұған дейін бес жыл бойы компанияны басқарып келген Владимир Школьниктің ерен еңбегін атап өтті.

— Владимир Сергеевич басқарған жылдары Қазатомпром уран өндіру жөнінен әлемде алдыңғы орынға шықты. Көптеген бағыттарды дамытты. Тіпті, Владимир Сергеевичті қарқынды дамытушы басшы деп айтсақ та болады, — деді ол.

Ал, өз кезегінде компанияның жаңа басшысы Нұрлан Қаппаров та ендігі уақытта Қазатомпромның бұрынғы және қазіргі басшыларының алдында елдің энергетика саласын дамыту үшін бірігіп нәтижелі жұмыс істеу қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары