$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында туберкулезбен ауыру шамамен 9 пайызға азайды

Ақмола облысында 2014 жылдың алғашқы 6 айының қортындысы бойынша туберкулезбен ауыру шамамен 9 пайызға азайды деп хабарлайды skifnews.kz.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарында: Астрахань аудандық ауруханасында, Атбасар ауданындағы Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасында, Сандықтау аудандық ауруханасында, Шағалалы дәрігерлік амбулаториясында және облыстық онкологиялық диспансердің оңалту бөлімінде болды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде ауыл тұрғындарына арнап, еліміздің барлық өңірінде «Денсаулық жолы» атты кең ауқымды акция басталған.

Биылғы шара барасында қан айналымы жүйесі, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алуға және тәуекел факторларына баса назар аударылатын болады.

Акция шеңберінде құрамында терапевт, кардиолог, эндокринолог және онкологиялық қызмет мамандары кіретін мобильдік дәрігерлер бригадалары шалғайдағы ауылдарға барады. Ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден, зертханалық-диагнотикалық зерттеулерден өтіп, дәрігер мамандардың кеңестерін алады.

Соңғы 10 жылда республикада туберкулезге шалдығушылық 2,1 есе, ал қайтыс болғандар саны 3,7 есеге азайған. Бұл салада Ақмола олблысында да жағдай жаман емес. Облыста 2014 жылдың 1 жартысында туберкулезге шалдығушылық көрсеткіші 9 пайызға төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары