Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкерге сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) беруден бірнеше рет бас тартқан лауазымды тұлғаға айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғалары бас тарту себебін жоспарланған құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу схемасына сәйкес келмеуімен түсіндірді.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен бірлесіп, Атырау облысының ӨКП алаңында лауазымды тұлғалардың қатысуымен кездесу өткізді, нәтижесінде кәсіпкердің құқықтары қорғалды, нысаналы мақсаты өзгертілді, техникалық паспорт әзірленді.
Агенттік мәліметінше, "Бизнес жол" жобасы аясында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін 7 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның 5-і тәртіптік және 2-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.