$ 443.35  475.54  4.82

7 мемлекеттік органның басшылары жауапқа тартылды

2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына жалпы 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мониторинг жүргізу барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бергенін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нәтижесінде,  аудан әкіміне, облыстық басқарма басшысына, 2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына жалпы 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Олар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа заңмен талап етілетін декларацияларсыз қабылдаған.

Мемлекеттік қызметке кірген кезде қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында декларация тапсыру міндетті шарт. 

Заң бұзған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген бұзушылықтарды жасағандарын мойындап, санкцияда көрсетілген айыппұлды 50% мөлшерінде төлеуге келісті, - делінген Антикордың хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары