23.10.2023, 09:20

Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Ол параканоэда 200 метрге бақ сынап, қола медальді еншіледі.

Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қоржынға алғашқы медальді Жаңыл Балтабаева салды. Ол параканоэда 200 метрге бақ сынап, қола медальді еншіледі.

Сондай-ақ Бибарыс Спатай Пара Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.