$ 495.2  522.34  4.94

Түркістандық полицейлер өрт шыққан үйден екі бала мен анасын құтқарды (видео)

Полиция инспекторлары Бағлан Жүнісов пен Жұмағали Алякбаров көк түтінге тұншығып жатқан анасы мен екі баласын алып шыққан.

Түркістандық полицейлер өрт шыққан үйден екі бала мен анасын құтқарды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторлары Бағлан Жүнісов пен Жұмағали Алякбаров таңғы сағат 06:00 шамасында  тұрғын үйден өрт шығып жатқанын байқап, бірден өрт сөндірушілерді шақырып, өздері уақыт жоғалтпай көмекке асыққан. 

Полицейлер өртеніп жатқан тұрғын үйдің сыртқы есіктері құлып болғандықтан, шатыр арқылы үйдің ауласына түскен. Қою түтін болып басталып, арты үлкен алауға айнала бастаған үйге кіріп кетеді. Полиция қызметкерлері тілсіз жаудан тұрғындарды аман алып шығу үшін, үйге кіріп, барлық бөлмелерді қарап шығып, көк түтінге тұншығып жатқан анасы мен екі баласын тапқан. 

Тұрғындарды тез арада көтеріп, сыртқа қауіпсіз аймаққа алып шығады. Артынша өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жетіп, өртті сөндірген. 

Ал жедел жәрдем қызметкерлері өрттен зардап шеккен әйел мен оның ұл-қызын тексеріп, алғашқы көмек көрсетті. Тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан болғаны анықталды. Бүгінде тиісті мамандармен тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары