Әнші Өмірқұл Айниязов "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында үш қабатты үйінің құрылысына 200 мың доллар кеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, аталған үйге кіргеніне 5 жыл болған.
"Үйге кіргенімізге 5 жылға жуық уақыт болды. Қазір қалаға қатынау қиын емес. Мен келген кезде бұл жерде адамдар оншақты жылдан бері тұрып жатыр екен. Осы жер телімі сатылмай қалыпты. Маған ұнағаны жолға жақын. Жігіттер жаңадан басталған, үй жоқ жерге салады ғой. Мен олай жасауға қорықтым. Халықтың арасында болған жақсы. Суы, газы үзілмейді. Үй үш қабатты, 300 шаршы метр. Ықшам әрі ыңғайлы. Әр қабат 100 шаршы метр", - деді Өмірқұл Айниязов
Сонымен қатар Өмірқұл Айниязов үйдің құрылысына 2-2,5 жыл кеткенін айтты.
"Жарықты жақсы көремін. Үйдің дизайнын сызғанда терезелері көп болғанын қаладым. Үйдің құрылысы 2-2,5 жыл кетті. Есептегенде кеткен шығын жиһаздарымен, іші-сыртымен қосқанда 200 мың долларға жобалайды", - деді әнші.
Айта кетейік, осыған дейін өнер иесі үйінің екі қабатында алты бөлме барын және бірінші қабатында асхана орналасқанын жеткізген болатын.