Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М. Бекетаев екенін растаймыз. Оны қамауға алуға сот санкция берді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.