23.10.2023, 14:20

Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

Фото: Pixabay
Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі М. Бекетаев екенін растаймыз. Оны қамауға алуға сот санкция берді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.