Бүгін Семейдегі №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.
№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан бөлмесінде түтін шықты... Өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы (қысқа тұйықталу) себеп болған, – делінген хабарламада.Мектеп әкімшілігі өрт шыққанын дер кезінде хабарлаған.
Оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды (371 оқушы және 45 қызметкер)... Осы уақытта электр қуатын өшіріп, кейін өртті сөндіру үшін ШҚО ӨЭЖҚ қызметі келді. Оқу процесі қашықтан оқу форматқа көшірілді, – деп мәлім етті әкімдік.