23.10.2023, 17:00

«Жүгір немесе өл»: Жасөспірімдер арасында қауіпті ойын таралып жатыр

Фото: pixabay
Ойын шарты бойынша, жасөспірімдер көлік, автобус немесе пойыз алдынан жолды кесіп өту керек.

Қазақстандық жасөспірімдер арасында жаңа қауіпті ойын қарқын алды, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Жүгір немесе өл” деп аталатын бұл ойын шартында жасөспірімдер көлік, автобус немесе пойыз алдынан жолды кесіп өту керек.

Балалар қауіпті нәрсе жасап, содан тірі қалса, жеңімпаз болады. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарға ескертіп жатыр. 

Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.

“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды", – деді куәгер.

Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір біріне ескерту жіберуде.

“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жігіттерді көрсеңіз, абай болыңыздар”, – делінген хабарламада.