Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.
Ауа-райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді.
Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп - жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі, делінген хабарламада.