$ 498.34  519.72  4.85

ҚР ІІМ «Бәсе» Youtube арнасының авторларына іздеу жариялады

Іздестіру жұмыстарын Алматы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Фото: qamqor.gov.kz.
Фото: qamqor.gov.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Бәcе» YouTube-арнасының авторлары Айдос, Наталья Садықовтарға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланған. 

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, аталған тұлғаларға сот санкциясымен 23 қазанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша іздеу жарияланған. 

Іздестіру жұмыстарын  Астана қаласының Алматы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, сот 2014 жылы Наталья Садықованы қамауға алу туралы  сырттай қаулы шығарған. Сол кезде оның үстінен адамға «сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады» деп жала жапты деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары