$ 495.2  522.34  4.94

Алматыда қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Спектакльдерден бөлек, лекциялар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда халықаралық қуыршақ фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы Jibek joly арнасына сілтеме жасап

Республика күніне орай ұйымдастырылған шарада Польша, Грузия, Болгария, Түркия, Өзбекстан және Қазақстаннан келген 150 қуыршақ ойнатушы әртіс пен 14 театр труппасы үздік қойылымдарын ұсынды. Әр топтың репертуарында бірнеше спектакль бар. 

Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды шараға екі жыл бойы дайындалған. 

Қазақстан да мұндай фестиваль ұйымдастыру үшін дүниежүзін шарлап, тәжірибе жинақтағаннан кейін шешім қабылдаған. 

Айта кетейік, Мемлекеттік қуыршақ театры өзінің 80 жылдан астам тәжірибесінде Қытай, Түркия, Чехия, Жапония, Тәжікстан елдерінде өткен халықаралық фестивальдерге қатысқан.

Өз қойылымдарында шеберлер техникалар мен әдістердің түр-түрін қолданды. Классикалық қолдан жасалған қуыршақтардан заманауи мультимедиялық қойылымдарға дейін көруге болады. 

Өзбекстаннан келген актерлер шығармашылықтың шегі жоқ деп санайды.

Ұйымдастырушылар мұндай фестивальдер әлемдегі қуыршақ театрларының дамуына зор серпіліс беретініне сенімді. 

Фестиваль 24 қазан күні аяқталады. Қазылар үздік режиссерді, қуыршақ басқарушыны және актерлік ансамбльды таңдайды. 

Спектакльдерден бөлек, лекциялар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. 

Қатысушылар бұл фестиваль халықаралық қатынастарды, қуыршақ театрлары әріптестігін нығайтып, осы өнердің беделін арттыра түсетініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары