24.10.2023, 10:20

Тоқаев бірнеше футболшыны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады

Фото: kff_team
Олардың қатарында футболшылар да бар.

Мемлекет басшысы Республика күніне орай, Ұлттық құрама футболшыларын марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның мұнай-газ, әлеуметтік-гуманитарлық және өндірістік қызметте еңбегі сіңген бірқатар азаматқа ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалар берілді. Олардың қатарында футболшылар да бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама ойыншылары Асхат Тағыберген, Бақтиер Зайнутдинов және Максим Самородовты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады, - делінген Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ресми парақшасында