$ 442.05  474.14  4.74

Жасанды интеллект Парламент жұмысына да енгізілмек

Қазақстан Тәуеліздік алғалы 3 мыңнан астам заң қабылдаған.
Фото: senate.parlam.kz
Фото: senate.parlam.kz

Бүгін Сенатта жасанды интеллекті Парламент жұмысына енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, Қазақстан Тәуеліздік алғалы 3 мыңнан астам заң қабылдаған. Алайда, аталған саладағы ережелердің қайталануы, қайшылықтар мен олқылықтар әлі де реттелуі керек. 

Тәуелсіздік жылдарында біз 3 мыңнан астам заңды, он мыңнан астам заңнан кейінгі актілерді қабылдадық. Бүгінгі күні бұл ауқымды саланы ретке келтіру керек. Олқылықтар мен қайшылықтар, ережелердің қайталануы біздің құқықтық кеңістіктің сапасына теріс әсер етеді және құқық қолданушылар үшін де, заң шығарушылардың өздері үшін де проблемалар туғызады. Сондықтан Сенаттың жобалық кеңсесі мен Парламентаризм институты Парламент жұмысына жасанды интеллекті енгізу мәселесімен айналысты. Мемлекеттік органдармен талқылаулар өтті. Әлемдегі ахуалға мониторинг жүргізілді, - деді Жақып Асанов.

Басқосуда жасанды интеллект саласындағы жаңа технологияларды қолдануға маманданған және еуропалық парламенттерді цифрландырудағы жетекші ұйым болып саналатын Hellenic OCR Team компаниясының сарапшылары: Фотис Фитсилис, Сотирис Левентис, Джордж Микрос сөз сөйледі.

Ынтымақтастық аясында, алдағы уақытта ашық парламенттік деректер жұмысын ілгерілету мен зерттеу, парламенттік және үкіметтік жүйелер үшін электрондық құралдар мен қызметтерді әзірлеу жоспарланып отыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары