Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Н.Жұмағали SB13 санаты бойынша 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:05.92 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиды.
Өзбекстандық Фирдавсбек Мұсабеков екінші, тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов үшінші орынға көтерілді.
Осылайша, қазақстандықтар алтын медаль санын 5-ке жеткізді.
Сонымен қатар батысқазақстандық паратаеквондошы Марьям Сәлімгереева 65 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.
Бапкері – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Ербол Мерғалиев.