Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 15 қарашада қолжетімді болады.
25 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Тіркелу министрліктің Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді.
Кешенді тестілеуге тіркелу 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды.
Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.
Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 15 қарашада қолжетімді болады.
Кешенді тестілеу форматында өзгерістер жоқ, ол электрондық форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балды құрайды. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін онлайн-апелляцияға бере алады.