25.10.2023, 20:30

БҚО-да есірткіге еліріп көлік жүргізген шетел азаматы ұсталды

Фото: pexels

Ол өз кінәсін мойындады.

БҚО-да есірткі тұтынып, көлік жүргізген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот шетелдік азаматқа көлікті есірткіге мас күйінде басқарғаны үшін үкім шығарған.

Ресей азаматы 16 қыркүйекте түнгі сағат 00:00 шамасында кеден бекетінде болған ұсталған. Ол өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.