25.10.2023, 22:30

СҚО-да өрт сөндіруші 23 тонналық вагонды сүйреді

Фото: ТЖМ

Парсахан Алдияров сүйреу кабелін вагонға тіркеп, 23 тонналық хопперді жалғыз сүйреді.

СҚО-да өрт сөндіруші 23 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты. Ол өз жетістігін Республика күніне арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ Республика күні қарсаңында СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің ерекше физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болғанын хабарлайды.

28 жастағы өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Парсахан Алдияров сүйреу кабелін вагонға тіркеп, 23 тонналық хопперді жалғыз сүйреді.