$ 494.87  520.65  4.91

Аягөз қаласында тұрғын үйдегі өрттен 4 бала қаза тапты

Құтқарушылар 4 баланың денесін тапты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Абай облысы, Аягөз қаласында болған өрттен 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абай ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше сағат 11.00-де жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Құтқарушылар 4 баланың денесін тапты. Олар 8 жастағы егіздер мен олардың 3 және 2 жастағы інілері.

Қайғылы оқиға кезінде жедел жәрдем жүргізушісі болып істейтін әкесі жұмыста болған, ал анасы азық-түлік алуға сыртқа шығып кеткен. 

Қазір аталған оқиғаға байланысты тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары