$ 494.87  520.65  4.91

«Меломен» тобының әншісі әйелімен ажырасып кеткен

 «Балалармен кеткеніме 1 жылдай уақыт болды», деп жазды ол.

Фото: nurillaakbergen
Фото: nurillaakbergen

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының жұбайы көпшілікке жан сырын ақтарды. Нурилла Ақберен Instagram парақшасында әншімен ажырасып кеткеніне бір жылдай уақыт өткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Дегенмен, сіздерге бөлісетін маңызды әңгімем бар. Мен ажырасқандар санын біреуге көбейттім. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің санын біреуге азайттым. Иә, мойындаймын. Мен сіздер сияқты әлсіз әйелмін. Әлеуметтік желіге жақсы сәттерді ғана бөлістім. Ол сәттер шынайы болды. Дегенмен, оның артында не болғанын, не сезініп жатқанымды бөлісе алмадым. Ұялдым. Күмәндандым. Тым мінсіз болуға тырыстым. Отбасы бақытын әйел сақтайды деп ойладым. Барлық әйелдер секілді "бәрі ретіне келеді", "есі кіреді", "уәдесін орындайды", "бәрі жақсы болады" деумен келдім, - деп жазды әншінің бұрынғы әйелі. Сонымен қатар ол күйеуі екеуінің ажырасқанына бір жылдай уақыт болғанын да жеткізді.

"Осыдан үш жыл бұрын қоғам ілген түсініктерден арыла бастадым. Өзіңді саналы түрде жақсы көруді ұғындым. Жаның, психикаң, санаң, тәнің зардап шегетін өмірді емес, сау әрі бақытты болатын ғұмырды таңдадым. Мен өзімді таңдадым. Сондай-ақ оны кінәламаймын. Мен оның көзқарасын өзгерте алмаймын және бұл қалыпты. Ол жақсы күйеу бола алмаған шығар. Бірақ, ол - жақсы әке. Мен бұл тәжірибеге алғыс айтамын.

Бәрі маған мұның қалыпты екенін және "Ер адамды тәрбиелеп алуым керектігін" айтты. "Ойыңды айтпа", "Сөйлеме", "Еркек түзде жүреді, қыдырады, ойнас жасайды", "Еркектің бәрі сондай", "Ұрса да көнесің", "Балаларың бар. Балаларға обал"... Ең өкініштісі, бұл сөзді әйелдердің айтқаны... Зәбір көрушіні кінәлау - ессіздік.

Бұны бөлісу маған оңай болмады. Мен оңым мен солымды өлшедім. Ашылып айтпайынша, жарам жеңілдемейтінін түсіндім. Небір қауесет естідім. Табалағандар да бар. Білемін, мен сияқты әйел көп...

Бұл шешімге келіп, балалармен кеткеніме 1 жылдай уақыт болды. Әкесі балаларға қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Мен балаларды әкесінен бөлмеймін. Оны балалардың әкесі ретінде сыйлаймын. Сол сыйға лайық болып, қалса екен деймін, - деді Нурилла Ақберен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары