$ 441.66  475.14  4.86

ДДСҰ делегаттары «Қара жорға» биін биледі (ВИДЕО)

Әлгі видеодан конференция кезінде залда отырғандардың барлығы орындарынан тұрып «Қара жорға» биін билегені анық байқалып тұр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанаға келген ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің делегаттары бой жазу үшін қазақтың «Қара жорға» биін биледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Делегаттардың билеу сәті түсірілген видео Денсаулық сақтау министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Әлгі видеодан конференция кезінде залда отырғандардың барлығы орындарынан тұрып «Қара жорға» биін билегені анық байқалып тұр.

Сондай-ақ ДДСҰ делегаттарының да сахнада билеп жатқанын көруге болады. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, осы аптада Астанада медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өткен.

Іс-шараға ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетіне мүше мемлекеттердің мамандары, серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары