Ол Нью-Йоркте жүрген отандастарымызды Республика күнімен құттықтады.
Республика күніне орай, Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс Қазақстан туын көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тікелей трансляция қалалық мэрияның ресми YouTube арнасында жарияланды.
Салтанатты шарада Адамс алдымен, Нью-Йорк қаласында сан түрлі ұлт өкілдері тұратынын айтты.
«Қазақстанның туын көтеру – отбасы, бизнес, қоғамдық қауіпсіздікке әрі балаларға деген сенімдеріңізді бағалайтынымыздың көрсеткіші деп білемін. Бұл әсем қаламыздың негізі. Бүгін туды көтере отырып біз қаламызға келгендердің үмітін нығайта түсеміз», – деді Адамс.
Сөз соңында қала мэрі Қазақстанды және Нью-Йоркте жүрген отандастарымызды Республика күнімен құттықтады.