27.10.2023, 07:30

Жұмада күн райы қалай құбылады

Фото: pixabay.com

Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.

 

«Қазгидромет» РМК 27 қазанға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады.

Қазақстан бойынша тұман басып, екпінді жел соғады