$ 494.87  520.65  4.91

Шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 33-ке жетті

Қазір зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 33-ке жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев SARYARQA TV арнасында өткен брифингте айтты.

Ол алдымен қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Қазіргі уақытта Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Ақпарат түскен сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық. Алдын ала нұсқада өрт шыққаны айтылған. Лавада 252 кеншінің 208-і шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді.

Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев

Қазір зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары