$ 442.05  474.14  4.74

«АрселорМиттал Теміртау» Қазақстан меншігіне қашан өтеді - министр жауап берді

Министр қазіргі уақытта бұл мәмілені заңды түрде ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатқанын, бұл процесс жақын арада аяқталатынын айтты.

Фото: ArcelorMittal
Фото: ArcelorMittal

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстан меншігіне беру нақты қашанға жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, акционерлік қоғамның құқық меншігі қазан  айының соңында Қазақстанға беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АрселорМиттал Теміртаудың»  қазіргі акционерлерінің АҚ құрамынан шығуы бойынша келіссөздер жүргізілді, соның нәтижесі бойынша қазан айының соңында осы кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру шарттары туралы келісімдерге қол жеткізілмек.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев

Министр қазіргі уақытта бұл мәмілені заңды түрде ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатқанын, бұл процесс жақын арада аяқталатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары