28.10.2023, 21:30

Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

2023 жылғы 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын, - делінген Жарлықта.