10 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.
10:00 дегі жағдай бойынша, Костенко атындағы шахтадан 36 адамның денесін табылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді, делінген хабарламада.
Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда.