$ 441.66  475.14  4.86

Костенко апаты: Шет мемлекеттердің басшылары көңіл айтып жатыр

Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақорда ақпаратынша, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов,  ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.

Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Айта кетейік, соңғы ақпарат бойынша, шахтадан 36 адамның денесі табылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары