Ресейдің еуропалық солтүстік-батыс аудандарынан келетін антициклон Қазақстан аумағында ойдағыдай жазғы ауа-райын ұстап тұратын болады, деп хабаралайды «Қазгидромет».
Жеке аудандарда Республикамыздың батысында және шығысында 7-8 тамызда кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр болуы ықтимал, қалған аумақтарда ала бұлтты және жауын-шашынсыз.
Күндіз ауа температурасы солтүстікте және шығыста +23...+32º, Қазақстанның орталығында +27...37º дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +32...+39º дейін, батыста +30...+37º, кей жерлерде +42º ыситын болады.