$ 494.87  520.65  4.91

Апаттан зардап шеккен 28 адам ауруханаға жеткізілді

Оның ішінде зардап шеккен 24 кенші ауруханаға жатқызылған.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Костенко шахтасындағы апаттан зардап шеккен 28 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды   Skifnews.kz ақпарат порталы.

Костенко атындағы Қарағанды шахтасында оқиға салдарынан зардап шеккендер Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық клиникаға және басқа да медициналық мекемелерге жедел жеткізілді. Дайындалған дәрігерлер бригадалары жағдайларының ауырлығына қарай келіп түскен кеншілерді уақтылы емдеуді бастады, делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде. 

Қарағанды, Абай және Шахтинск стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізілді. Оның ішінде зардап шеккен 24 кенші ауруханаға жатқызылды:

- 20 кенші жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдан улану диагнозымен Х. Ж. Мақажанов атындағы ШЖҚ КМК токсикология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, детоксикация және симптоматикалық емдеу жүргізілуде;

- бір пациент бірнеше жарақаттармен "Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана" ШЖҚ КМК реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделуде.

- зардап шеккен тағы бір кенші "Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана" ШЖҚ КМК жатқызылды, жағдайы орташа. Жағдайының төмендеуі байқалмайды;

- екі кенші "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" КМК терапия бөлімшесіне улы газдардан улану диагнозымен жатқызылды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесіне жақын.

Зардап шеккендердің кейбірі қабылдау-диагностикалық бөлімшелер деңгейінде тексеріліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді. Барлық пациенттерге қажетті диагностикалық тексерулер мен манипуляциялар жүргізілді: зертханалық зерттеулер, компьютерлік томография, ультрадыбыстық, рентгенография.

Медициналық көмек көрсету үшін барлық бейінді қызметтер (нейрохирургтер, травматологтар, хирургтар, терапевттер, токсикологтар, реаниматологтар, психологтар, функционалды диагностика мамандары) тартылды.

Травматология және ортопедия ғылыми орталығының, нейрохирургия ғылыми орталығының республикалық мамандарымен кеңес өткізілді, қажетті облыстық мамандар жұмылдырылған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары