29.10.2023, 20:30

Костенко шахтасынан тағы бір адамның денесі табылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Шахта директорының айтуынша, қалған мәйіттерді әзірге анықтау мүмкін болмай тұр. 

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, Костенко шахтасында тағы бір кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үш адам әлі де іздестіріліп жатыр.  Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 55 тау-кен құтқарушысы мен 15 техника жұмылдырылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін 21 адам мен 7 жедел медициналық техника жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ алғашқы анықталған қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды:

Мордасов Виталий Анатольевич;

Югай Александр Викторович;

Адампаев Ербулат Мұратұлы;

Петренко Владимир Ильич;

Сайфутдияров Альберт Рифович.

Шахта директорының айтуынша, қалған мәйіттерді әзірге анықтау мүмкін болмай тұр. 

Еске салсақ, Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні – 02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалды, іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасады.