$ 494.87  520.65  4.91

Костенко шахтасында қаза тапқандардың саны 45-ке жетті

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Костенко атындағы шахтадағы жағдай бойынша тағы бірнеше адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың саны – 45-ке жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда. Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті, -  делінген ТЖМ-нің ресми хабарламасында.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;

-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;

- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары