$ 442.05  474.14  4.74

Ауғандықтар Пәкістаннан кетіп жатыр

Ауғандықтар соғыс пен тәліптерден құтылу үшін жылдар бойы көрші Пәкістан бас сауғалап жүр.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Пәкістаннан он мыңдаған ауғандық депортациялау мерзімі аяқталмай кетіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Deutsche Welle басылымының жазуынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Пәкістанда адам құқықтарының тапталуы мүмкін екенін ескертті. Себебі Пәкістан үкіметі  ауғандықтар тобының 31 қазанға дейін кету мерзімін белгілегендіктен, олар отандарына оралуға мәжбүр.

Бүгінде БҰҰ мен Халықаралық көші-қон ұйымы 3-15 қазан аралығында ондаған мың ауған Пәкістаннан қашып кеткенін мәлімдеді.

Біз Пәкістан билігін Ауғанстан азаматтарын мәжбүрлеп қайтаруды тоқтатуға шақырамыз. Ауғанстанға қайтарылған жағдайда депортацияға ұшырағандардың көпшілігі адам құқықтарының бұзылуына, негізсіз тұтқындау мен қамауға алу, азаптау, қатыгездік және басқа да адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге ұшырауы мүмкін. Оған қоса, Ауғанстанға үлкен қауіп төнуі ықтимал, - деді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, ауғандықтар соғыс пен тәліптерден құтылу үшін жылдар бойы көрші Пәкістан бас сауғалап жүр. Пәкістан үкіметінің дерегінше, елде 4,4 миллионға жуық ауған босқыны бар, ал олардың арасында 1,7 миллионының құжаты жарамсыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары