$ 494.95  525.49  5.05

Астанада үйлердің бір бөлігі жарықсыз қалды

Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астанада үйлердің бір бөлігі желілердегі апатқа байланысты электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Астанадағы ЖЭО-2-де 8 подстанция қысқа тұйықталу салдарынан өшкен.

 «Астана-Энергия» 2 ЖЭО-да қысқа тұйықталу салдарынан генерацияның толық азаюы болған. Елордада жарықтың нақты қашан берілетіні әзірге белгісіз. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ал Астана әкімдігі коммуналдық қызметтер Астанадағы апатты жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлайды

Жергілікті жерде авариялық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қазір апаттың себебін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті жерде коммуналдық қызметтер жұмыс істейді.

Электр қуаты шамамен 30 минут ішінде қалпына келтіріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады әкімдік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары